"Тұран" футбол клубы Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиге ұсыныс жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Лео Месси, сізді түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістанға шақырамыз!" - делінген клубтың Instagram-дағы жазбасында.
Еске салайық, бұған дейін "Барселона" Месси командадан кететіні туралы хабарлаған болатын. Тараптар экономикалық ережелер мен шектеулерге байланысты жаңа келісімге келе алмаған.