01 нау, 2024 сағат 11:20

Қазақстандық FlyArystan басқа ұшақпен соқтығыса жаздады


22 ақпанда Алматыға бет алған FlyArystan ұшағы Мумбай әуежайының ұшу-қону жолағында Air India әуе компаниясының Airbus A319 ұшағымен соқтығысып қала жаздады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, қазақстандық ұшақ ұшу-қону жолағына кезекте тұруы керек болатын. Алайда пилот ұшу жолағын шатастырып алған.

Бұл уақытта Air India әуе компаниясының ұшағы жылдамдық ала бастаған. Алайда пилот FlyArystan бортының қозғалысын байқап, жылдамдығын күрт бәсеңдетіп, көкке көтерілмей, соққтығыстың алдын алған.
Үндістан авиациясы оқиғаны тергеуді бастады.

"FlyArystan компаниясы Чхатрапати Шиважи халықаралық әуежайымен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізуде", - делінген хабарламада.