Фото: pexels.com
Қазақстанда кеңсе тауарларының бағасы күрт өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бюро мәліметінше, өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда 2023 жылдың шілдесінде кеңсе тауарларының бағасы 64,4 пайызға өскен.
"Мектеп дәптері - 77,2 пайызға, қалам - 38,6 пайызға, түрлі-түсті қарындаштар - 41,9 пайызға, сурет альбомы 44,1 пайызға қымбаттаған" - делінген хабарламада.