08 қыр, 2023 сағат 14:25

Қазақстанда қандай азық-түлік өнімдері арзандады?

Сурет: Freepik.com

Ұлттық статистика бюросы бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының қалай өзгергені туралы дерек ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Бюро мәліметінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 0,1 пайызға төмендеп, жылдық көрсеткіш 6,5 пайызға өскен.

5 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда пияз (-4,7 пайыз), картоп (-2,7 пайыз), қырыққабат, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, макарон өнімдері, ұн және қант арзандаған.

Сонымен қатар бір апта ішінде күріш (+1,1 пайыз), май (-0,6 пайыз), жұмыртқа (-0,4 пайыз), сәбіз, сүзбе, айран, тұз, сиыр және тауық еті қымбаттаған.


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қаладан және Астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктеріндегі тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.