Қазақстанда buildingSMART бағдарламасы бойынша инженерлер мен құрылысшыларды даярлау басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқыту орталығының сертификатталған түлектері buildingSMART халықаралық тізіліміне енгізіледі.
Құрылыс саласын цифрландыру жөніндегі міндеттер шеңберінде «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ 2021 жылы тұрғын үйлер мен өзге де объектілерді жобалау және салу кезінде жиі пайдаланылатын 30 мемлекеттік құрылыс нормативін цифрландырды.
Нәтижесінде автоматтандырылған режимде құрылыс объектілерінің цифрлық модельдерін құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкестігін тексеруге, сол арқылы адами фактор салдарынан жіберілетін қателіктер тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, сараптама жұмысын ішінара автоматтандыруға және объектілерді жобалау, салу және пайдалану процестерінің ашықтығын елеулі түрде арттырады. Құрылыс сапасы мен мерзімін қысқартуға оң әсер етеді.
Сонымен қатар, Институт 2021 жылы құрылыстағы Инженер-консультанттардың ұлттық қауымдастығымен (РФ) ҚазҚСҒЗИ базасында buildingSMART кәсіби сертификаттау бағдарламасы бойынша құрылыс саласы мамандарын даярлайтын алғашқы орталық құру туралы келісім жасады.
Орталық Қазақстанның инженер-жобалаушылары мен құрылысшыларына емтихан тапсырып, бүкіл әлемде танылатын құжаттар алуға, құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологиялары бойынша әлемдік деңгейде оқуға мүмкіндік береді.
Орталықтың сертификатталған түлектері buildingSMART International орталықтандырылған ашық тізіліміне енгізіледі.