Фото: pixabay.com
Энергетика министрлігі Қазақстанда салынатын атом электр станциясының (АЭС) әлеуетті мердігерлерінің қысқа тізіміне енген компанияларды атады, - деп хабарлайды Ult.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Қазақстан атом электр станциясына қатысушы вендорлерді ұлттық мүддені ескере отырып таңдайды.
Министрлік атом электр станцияларын салу технологияларын әлеуетті жеткізушілермен бәсекелестік диалогын аяқтағанын мәлімдеді.
"Росатом" мемлекеттік корпорациясы, KHNP (Корея), CNNC ( Қытай) және EDF (Франция) компаниялары Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне енді", - деп жазылған хабарламада.