17 нау, 2021 сағат 12:49

Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: Эстонияда пошта маркасы шығарылды

Эстонияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай пошта марка шығарылды. Бұл туралы СІМ хабарлады.

Қазақстанның Эстониядағы Елшілігі «Eesti post» пошта операторымен бірлесіп, еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерейтойлық пошта маркаларын шығару туралы бастама көтерді. 

Бұл басылым бұдан бұрын қазақ ақыны және ағартушысы Абайдың 175 жылдығына және философ Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған шығарылған мерейтойлық маркалар сериясын жалғастыруда.