Қазақстандық ауыр атлет Карина Горичева Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
63 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз жұлқа көтеруде 111 келі көтеріп екінші орыннан көрінді. Алайда серпе көтеруде 132 келіден әрі аса алмай, үшінші орынға тұрақтады. Осылайша, 243 келімен жүлделі үшінші орынға ие болды.
Бұл салмақта бірінші орын қытайлық Дэн Вэйдың еншісіне бұйырса, күміс жүлдені солтүстік корея спортшысы Чхве Хё Сим еншіледі.