
Бүгін Қазақстан Халық партиясының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтті. Онда партия төрағасы қоғамдық ұйымның жұмысы мен «URANkz» республикалық қоғамдық бірлестігімен әріптестігі туралы әңгімеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз жуырда атауымызды өзгерттік. Ендігі уақытта Қазақстанның Халық партиясы деп аталады. Дегенмен біз өз идеологиямыздан ауытқыған жоқпыз. Біз тек болашақ бағыт-бағдарымызды қайта қарап, өзгерттік. Тағы бір жаңашылдық URANkz республикалық қоғамдық бірлестігімен өзара қызмет етіп жатырмыз», - деді Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, аталған іс-шарада URANkz республикалық қоғамдық бірлестігінің «Қызыл автобус» акциясының қызметі сөз болды. «Қызыл автобус» акциясы аясында оның өкілдері СҚО, Атырау және Ақтөбе облысында болғандығын айтты. Онда өкілдер «Еңбек» бағдарламасы аясында СҚО-да салынған тұрғын үйлердің жағдайымен танысқан. Сонымен қатар, сол облыстағы Становое ауылында, Ақтөбе облысының Қарғалы ауылында болып, әлеуметтік мәселелерімен танысқан
