© ИА "Новости-Казахстан", Баубек Коныров
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеріп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
"Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды" - делінген хабарламада.
Айта кетері, "Қазақстан Барысы" жобасы танымал қоғам қайраткері, журналист, "КТК" телеарнасының бас директоры болған Арман Шораевтың бастамасымен қолға алынған. Турнир облыстық деңгейде алғаш рет Қызылорда жерінде ұйымдастырылды. Ал республикалық деңгейде 2011 жылдың тамыз айында Астанадағы "Дәулет" спорт кешенінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өтті.