
Еуропалық Одаққа Қазақстан азаматтарымын емін-еркін бару үшін Еуропалық комиссиямен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан мен Мажарстан іс-қимыл жасап, күш-жігерін жұмылдыратын өзара мүдделі халықаралық сипаттағы бірқатар мәселелер, оның ішінде Қазақстан азаматтары үшін Еуропалық Одақтың визалық режимін жеңілдетуге қатысты мәселелер қаралды», - деді Мұхтар Тілеуберді Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийартомен келіссөздерден кейін.
«Еуропалық Одаққа біздің азаматтарымын емін-еркін бару үшін біз Еуропалық комиссиямен қазір келіссөздерді өткізіп жатырмыз. Біріншіден, бұл процесс біртіндеп енгізіледі. Ең алдымен, қазіргі уақыттағы біздің талабымыз – еліміз азаматтарына төлқұжаттарға қатысты жеңілдету. Бүгінгі келіссөздер барысында Петер Сийартомен бұл тақырыпты талқыладық. Мажарстан тарапы бұл келіссөздер бойынша өз көмегін жасамақ», - деді ҚР Сырты істер министрі тілшілер сауалына жаупа бере отырып.
