31 там, 2023 сағат 15:29

Қайтыс болған адамның салығын кім төлейді?

Сурет: zarulim.com.ua

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қайтыс болған адамның атында болған көліктің салығын төлеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның ресми сайтына жасап.

"Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығына азаматтардан күн сайын жүздеген қоңырау түседі. Салық төлеушілердің аталған сауалдарына егжей-тегжейлі жауаптар беріледі" - делінген хабарламада.

Осы жолы "Апта сауалы" айдарындағы ең жиі қойылған сұраққа жауап жарияланған.

Сұрақ: "Мен автокөлікті өз атыма аударайын дегенмін, бұрынғы иесі қайтыс болған. Бірақ көлік салығы бойынша берешектері бар болып шықты. Көлік салығы бойынша қарызы мен өсімпұлды кім және қалай төлеуі керек?"

Ведомсто мәліметінше, заңға сәйкес, салық берешегін мұрагер мұрагерлік мүліктің құны шегінде және оны алған күнгі мұрадағы үлеске сәйкес төлейді.

"Жеке тұлға қайтыс болған күні немесе оны соттың шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған күні пайда болған салық берешегі төленеді. Бұл жағдайда өсімпұлды есептеу жеке тұлғаның қайтыс болған күніне дейін жүргізіледі", - делінген жауапта.