03 жел, 2019 сағат 10:01

Қайрат Реимов 25 миллион теңге кепілмен босатылған

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Алматыметроқұрылыс" директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимовтің ісі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Сот қамауда ұстау туралы санкция шығарып, 25 миллион теңге кепіл сомасын бекітті. Сондықтан процедуралық мәселе бар. Қорғаныс тарапы бағаланған жылжымайтын мүлік құжаттарын ұсынды. Осы рәсімдерден кейін ол кепілмен босатылды", - деді министр Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Еске салайық, "Алматыметроқұрылыс" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов "алаяқтық жасады" деген күдікпен 27 қарашада таңғы уақытта ұсталған. 

2 желтоқсанда оның кепілмен босатылғаны белгілі болды.