Фото:depositphotos.com
Қазгидромет синоптиктері 18 қаңтардан 23 қаңтарға дейін Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Ult.kz, Tengrinews.kzке сілтеме жасап.
Атлантикалық циклон ықпалынан Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы қалыптасады. Батыста, оңтүстікте және 20-21 қаңтарда елдің солтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болжанған.
18 қаңтарда Түркістан облысында,
20 қаңтарда Ұлытау облысында,
21 қаңтарда Ақтөбе,
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында,
21-22 қаңтарда Ақмола облысында,
22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Абай облыстарында,
22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында күшті жауын-шашын болжанып отыр.