03 қаң, 2025 сағат 13:32

Каспий жағалауынан ондаған өлі құс табылды

Фото: Lada.kz

Ақтаудағы Rixos қонақүйінің жанындағы жағажайдан жергілікті тұрғын өлі құстарды байқап қалған, деп хабарлайды Lada.

Құстардың денесі шамамен 500 метр аумаққа шашылған.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық инспекциясы бұл оқиғаға түсініктеме берді.

«Қазіргі уақытта Қаракөл көлінде оннан астам аққулар мен басқа да құстар мекендейді. Бұл жағдайда Каспий жағалауындағы бірнеше құстың өлімі олардың әлсіреген жағдайына байланысты табиғи түрде орын алған», — деп мәлімдеді ведомство.


Инспекция өкілдері құстардың жаппай қырылуын жоққа шығарғанымен, олардың өліміне құс тұмауы себеп болуы мүмкін деген болжамды да жоққа шығармайды.

Желтоқсан айының соңында Қаракөл көлінде микробиология және вирусология орталығының мамандары өлі аққулар мен үйректерден сынамалар алған. Нәтижелері 10 қаңтарға дейін дайын болады.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қараша айында Каспий жағалауынан 2000-ға жуық өлі итбалық табылған еді.