Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тезистерін талқылау бойынша кәсіподақтар белсенділерінің мәжілісі өтті.
Мәжіліске аумақтық және салалық кәсіподақтар төрағалары қатысты.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауында «технологиялық» және жаһандық өзгерістер кезеңінде тұрақты даму үшін мемлекет пен қоғамның ең өзекті міндеттерін көрсетті.
Қазақстан үшін де заманауи тренд болған Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде табысты әлеуметтік бейімделу үшін жаңа мақсаттар анықталды. Ұлттың рухани, зияткерлік дамуы, азаматтарымыздың моральдық және физикалық әл-ахуалын арттыру арқылы ғана қойылған мақсаттарға қол жеткізуге болады. Осы мәнмәтінде адами капитал индексін мемлекеттің жаңғыру негіздері ретінде дамыту мәселесі жеке бөліммен атап көрсетілген.
Мәжілісті ашқан ҚРКФ Төрағасы Бақытжан Әбдірайым Президент Жолдауы аясында қабылданған әлеуметтік саладағы маңызды шешімдер адами капиталды жетілдіруге ғана көмектеспейді, сонымен бірге тұрақты және жаппай әлеуметтік-экономикалық прогресс негізі болып табылатындығын атап өтті.
Бүгінгі Жолдау мемлекетте жүзеге асырылып жатқан барлық реформалардың әлеуметтік бағыттылығының айқын куәсі болды. Президент ұстаздар еңбекақысының артатындығы туралы мәлімдеді.
Сонымен бірге, Төраға атап өткендей, Жолдау мемлекет, қоғам және әр азаматтың өз тағдыры үшін өзара жауапкершілігін аңғартады.
Осы себепті, «ұлттың табыстылығы факторы минералды ресурстар емес», нақ адамның өзі болады. Мемлекет басшысы Жолдауын жүзеге асыру үрдісін дұрыс түсінуіміз бен әрқайсымыздың тікелей атсалысуымыз, жаңарудың қажеттілігін жете ұғынуымыз Қазақстанның жарқын болашағын құруда түйінді факторлар болып табылады.
Б.Әбдірайым Елбасы Жолдауын жүзеге асыру процесінде кәсіподақтардың рөлі жоғары екендігіне ерекше назар аударды. Бұл ретте қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес даму векторын анықтау қажет.
Жүзеге асыру процесі қысқа мерзімді болмауы керек, керісінше сыртқы ортаның динамикасы мен жылдамдығына сәйкес кәсіподақтар институты тұрақты жаңарып тұруы тиіс екені айтылды. Жаңғыру дәуірінде кәсіптік одақтар ғана жаңа әлеуметтік-еңбек қатынастары жүйесі, әлеуметтік серіктестік пен әлеуметке бағытталған экономиканы дамыту мәселелерін көтеруге және шешуге қабілетті қуатты және жасампаз әлеуметтік институт болуы тиіс.
Осы жасампаз үрдісте нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін кәсіподақтардың бітімгершілік дәрежесін арттыру қажет.
Сонымен қатар, заманауи дамудың басты тренді әлеуметтік-еңбек қатынастарын өзектендіру болып табылады, сондықтан, жұмыс орындарын сақтау, еңбекті тиімді қорғау, еңбекақыны уақытылы төлеу, өндірістік жарақаттанушылықтың алдын-алу және қорғау мәселелерін жылдам шешу қажеттілігі атап өтілді.
Қазір ҚРКФ Орталық Аппараты орташа мерзімге арналған Кәсіподақтар федерациясын жаңғыртудың «Жол картасын» әзірледі. Бұл өз кезегінде Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған негізгі идеялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін кәсіподақтардың стратегиясы мен әдіс-тәсілдерін анықтайтын маңызды құжат болып табылады.
Талқылаулар нәтижесінде мәжіліске қатысушылармен Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді кешенді жүзеге асыру шаралары әзірленді.