Фото:lafoy.ru
Министрлер кабинеті картоп мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ult.kz.
Бүгін үкімет отырысы аясында журналистердің алдына сауда министрлігінің өкілі шықты. Сауда комитеті төрағысының орынбасары Ернұр Жәутіковтың айтуынша, биыл Ресейде картоп аз шықты. Өзбекстан да импортты айтырлықтай арттырды. Сол себепті қазақстандық фермерлер өз өнімін сыртқа көптеп сата бастады.
“Біз картопты сыртқа көп саттық. Өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық. Мәселен, 2023 жылы 400 мың тоннаны экспорттасақ, былтыр бұл көрсеткіш 600 мың тоннаға жетті", - деді Жәутіков журналистерге берген сұхбатында. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде республика бойынша картоптың орташа бағасы 322 теңге болып тұр. Ал Астанада одан қымбат.
“Мен өзім кеше ғана ірі сауда желісінде картоптың бір келісін 430 теңгеге сатып алдым”,- деп атап көрсетті комитет басшысының орынбасары.
Ресми мәліметке сәйкес, фермерлерле шамамен 600 мың тонна картоп бар. Ал тұрақтандыру қорларында 68 мың тонна жатыр. Бұның барлығы ішкі сұранысты толығымен өтей алады. Оған қоса, 16 қаңтарда қазақстандық картопты үшінші елдерде сатуға тыйым салынды. Бірақ ЕАЭО аясында сата беруге болады.