01 сәу, 2024 сағат 12:06

Қарағандыда қылмыстық топ мүшелері студенттер мен кәсіпкерлерді соққыға жыққан


Фото: polisia.kz


Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталған. Жәбірленушілер - "Қармет" АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері.


Күдіктілер қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, қылмыс жасаған. Олар ұрып-соғып, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан.


"Жалпы топтың 25 мүшесі ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Тінту барысында атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді. Қазіргі уақытта олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.