18 қаң, 2022 сағат 18:52

Қаңтар оқиғалары үлкен сынақ, өмірлік сабақ болды – Ералы Тоғжанов


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең алдымен қаңтар айының қиын кезеңінде жақынынан айырылып қалған отандастарымыздың отабсылары мен ағайын-туғандарына көңіл айтамын. Бауырларымыздың жатқан жері жұмақ болсын, артта қалған туыстары, ел аман болсын! Соңғы бір апта баршамызға бейбіт күннің бағасын білдірді. «Ел аман, жұрт тыныш болсын» деген тілектің мәні мен мағынасын, тереңдігі мен қасиетін елдің әрбір азаматына ұғындырды деп ойлаймын. Бұл жағдай – бір сөзбен айтқанда біз үшін үлкен сынақ, өмірлік сабақ екені сөзсіз», - деді Тоғжанов Орталық коммуникациялар қымзетінде. 

Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының күрделі кезеңде қабылдаған келелі шешімдерінің арқасында бұл жағдайды ушықтырмай еңсергенімізді атап өтті. 

«Ендігі мақсатымыз – қиындықты бірге еңсеріп, өткен жағдайдың бәрін ескеріп, ел болып жақсылық пен жаңалыққа жол бастау. Сөз жоқ, ол үшін деніміз сау, басымыз аман болсын дегіміз келеді», - деді Тоғжанов.