
Қанат Мусин «Nur Otan» партиясының Құқықтық кеңес төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-де жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Nur Otan» фракциясының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Саяси кеңес Бюросының шешімімен партияның Құқықтық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
Сенат Төрағасының орынбасары болып сайланған Құқықтық кеңестің алдыңғы төрағасы Нұрлан Әбдіровке партия басшылығы атынан алғыс айтамын», - деді Бауыржан Байбек.
