
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Солтүстік Қазақстан облысындағы 300-ден астам елді мекенде жолдар жөнделетінін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Автожол саласы саласында 2025 жылға дейін кешенді жоспар аясында жергілікті маңызы бар 2 100 шақырым автожол жөнделеді және реконструкцияланады. Жүргізілген жөндеу жұмыстарының есебінен өңірдегі жергілікті маңызы бар жолдардың 98 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізілетін болады. Қабылданған шаралар 350-ден астам ауылдық елді мекендердегі жолдарды жөндеуге, сондай-ақ су тасқыны маусымының қаупін болдырмауға (су өткізу құрылыстарын орнату және көпірлер салу) мүмкіндік береді», - деді министр.
Оның айтуынша, ішкі туризмді дамыту мақсатында Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы автомобиль жолдары мен кірме жолдардың құрылысы мен жөнделуі жоспарланды.
