Иранның Ирактағы америкалық әскери базаға жасаған шабуылынан АҚШ-тың 11 әскери қызметкері жарақат алған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" CNN-ге сілтеме жасап.
«Жарақат алғандар осы аптада Кувейттегі және Германияның Ландштулындағы ауруханаларға жеткізілді. Олар сол жерде ем алады» деп жазады агенттік.
9 қаңтар күні Иран генералы Амир-Али Хаджизаде америкалық базаларға жасалған шабуылдан жарақат алғандар жоқ екенін айтқан болатын. Тегеран америкалық әскерилерді өлтіруді мақсат етпегенін мәлімдеген еді.
Естеріңізге сала кетсек, Иран АҚШ-тың генерал Касем Сулейманиді өлтіргеніне жауап ретінде 8 қаңтар күні Американың әскери базасына шабуыл жасаған болатын.