15 қаңтардан бастап төтенше жағдай режимі тоқтатылған өңірлерде “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қаңтардан бастап жедел-алдын алу шарасы төтенше жағдай режимі тоқтатылған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.
Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде жүзеге асырады:
- – құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру;
- – жалдамалы пәтерлерді, тасталған үйлерді, хостелдерді, саяжайларды, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды тексеру;
- – атыс, травматикалық және суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және т.б. тәркілеу;
- – белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтау;
- – бұрын сотталған және ішкі істер органдарында есепте тұрған өзге де адамдарды тексеру.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуге түсіністікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды көрсетуге шақырады.