Михаил Горбачевтің экономика бойынша бұрынғы көмекшісі Олег Ожерельев Lenta.ru басылымымен сұхбатта Кеңес Одағы құлдырауының басты себебі азық-түлік мәселесі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оның сөзінше, бүліктің шығуы КСРО мен социалистік жүйенің құлдырауының бір ғана қадамы болған.
"Мұндай үлкен елдің жойылуын Горбачевті биліктен кетіру үшін болған үш күндік авантюралық әрекетпен түсіндіру дұрыс емес және ғылыми емес.
КСРО-ның құлдырауының мың себебін анықтауға болады. Олардың бастысы, Горбачев азық-түлік мәселесін уақтылы шешсе, біздің қазіргі ел, кем дегенде, мүлдем басқаша болар еді. Бұл одақтас республикаларға да қатысты. КСРО да ыдырамауы мүмкін еді.
Жүздеген мың адам неге Манеж алаңына шықты? Горбачевтің диктаторлық қабілетінің немесе демократияның жоғынан емес, азық-түлік тапшылығынан. Дүкендер бос тұрды, азық-түлік жоқ", - дейді Ожерельев.

