20 қаз, 2020 сағат 10:19

Германия Қорғаныс министрлігіне гуманитарлық көмек көрсетті

Алматы халықаралық әуежайына Қазақстанның Қарулы Күштері үшін Германиядан гуманитарлық көмек ретінде жүк келді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мүлікті кедендік тазарту «СК-Фармация» ЖШС-мен бірлесіп жүргізілді.

Медициналық қажеттіліктер мен жабдықтар COVID-19-бен күресуге арналған. Өкпені жасанды желдету аппараттары, термометрлер және бірреттік бет перделер эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін әскери бөлімдерге берілетін болады», делінген хабарламада.