19 там, 2016 сағат 15:43

Германия әйелдердің пәрәнжа киюіне тыйым салуы мүмкін

Германия ішкі істер министрі Томас де Мезьер әйелдердің қоғамдық орындарда бурка (пәрәнжісі бар жамылғы) киіп жүруіне тыйым салуға шақырды.

19 тамызда телеарнадан сөйлеген Мезьер "Консерваторлар біздің өзара бірігіп өмір сүруіміз үшін адамдардың көлік жүргізгенде, қоғамдық орындарда, кеңселер мен мектептерде, университеттерде, мемлекеттік қызмет пен сотта бет-әлпетін көрсетіп жүруін заңмен талап еткіміз келетінін қолдайды" деді.

Ол Германияда буркаға "орын жоғын" айтып, оны "біздің әйелдердің рөлі туралы түсінігімізбен үйлеспейді" деді.

Бұдан бұрын Германия канцлері Ангела Меркель бурка киетін әйелдердің қоғаммен иинтеграциялану мүмкіндігі аз екенін, бірақ оған тыйым салудың "күрделі саяси және құқықтық мәселе" екенін айтқан.

Германияда 4 миллионға тарта мұсылман тұрады. Германиядағы мұсылман әйелдердің қаншасы бурка киетіні туралы статистикалық мәлімет жоқ болғанымен, Германияның Орталық мұсылмандар кеңесінің басшылығы бурка киетін мұсылман әйелдер тым аз дейді.

Ұлт порталы