
Еуроаймақта жұмыссыздық деңгейі ақпаннан наурызға дейін 7,3%-дан 7,4%-ға дейін өскен. Одақтың 27 мемлекетінде бұл көрсеткіш 6,6%-ға дейін артқан, деп хабарлайды Еuronews.
Соңғы екі айда 373 мың неміс жұмысынан айырылған. Бұған коронавирус пен Германиядағы карантин себепші болып отыр. ГФР-де жұмыссыздық деңгейі 5%-дан 5,8%-ға өскен. Бұл дегеніміз 2 млн 600 мың адам тұрақты табыс көзінен айырылған.
Испанияда осы кезеңде 120 мың азамат жұмыссыз қалған. Олардың жалпы саны 3 млн 300 мыңға жетті.
Сарапшылар жағдай бұдан да нашар болуы мүмкін деп отыр. Бірқатар Еуропа елінің үкіметі жаппай жұмыссыздықтың алдын алу үшін компания қызметкерлерінің басым бөлігінің жалақысын төлеуге міндеттелді. Францияда 8 млн адам жұмыссыздық үшін мемлекеттен өтемақы алып жатыр.
«Үкімет оларға айтарлықтай көмек көрсетіп жатыр. Бірақ, бұл жағдай ұзаққа созылған сайын, көптеген адамдар осындай қиындыққа тап болған сайын жұмыспен қамтудың кумулятивті процесіне әкеліп соқтыру ықтималдығы жоғары. Жиынтық сұраныстың қысқаруы жұмыссыздықтың одан әрі артуына себепші болады. Қауіп осында жатыр», - деді Bruegel аналитикалық орталығының директоры Гунтрам Вольфф.
