04 ақп, 2021 сағат 18:46

Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай валюта енгізіле ме?

Экономика және қаржылық саясат жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі Тимур Жақсылықов ЕАЭО шеңберінде жақын арада бірыңғай валюта енгізілуіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл - ең жиі қойылатын сұрақ. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірде-бір келісімшартта, ЕАЭО шеңберіндегі бірде-бір актіде бірыңғай валюта енгізу туралы айтылмаған. Мұндай жоспар жоқ. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясында мұндай жоспар жоқ. Бұл туралы келіссөздер жүргізілмейді және бұл тақырып талқыланбайды. Менің ойымша, бірыңғай валютаны енгізудің объективті алғышарттары әлі жетіле қойған жоқ», - дейді Тимур Жақсылықов.