7 желтоқсан күні Алматыдағы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Ермұрат Зейіпханды еске алуға арналған «Екі дүниеде жалғызым – Қазақстан» атты кеш өтеді. ҚР Мәдениет қайраткері, Жазушылар одағының мүшесі, композитор, әнші, актер, қаламгер Ермұрат Зейіпхан биыл тірі болса ердің жасы 50-ге келер еді.
Еске алу кеші қарсаңында Ермұраттың бір топ өлеңін ел назарына ұсынуды жөн көрдік.
***
Жер ортасы жасқа келіп,
Адасқанымды білдім.
Танауымды тасқа беріп,
Санасқанымды білдім.
Өлшеусізбін дегендердің,
Өлшенетінін білдім.
Қанша құздың, белеңдердің,
Теңселетінін білдім.
Хандар менен қаралардың,
Қатарласатынын білдім.
Бірге – дара-даралардың,
Сапарласатынын білдім.
Бір көреміз дегендердің,
Көрмейтінін білдім.
Бірге өлеміз дегендердің,
Өлмейтінін білдім.
Мынау жарық маңайымның,
Жалған екенін білдім.
Арбаған таң, арайыңның,
Арман екенін білдім.
Жер ортасы – көктөбеде,
Кім екенімді білдім.
Кірейін деп отты өреге,
Тұр екенімді білдім.
***
Жортқандардың қарашы жортақтаған,
Қорқытқандарың мына енді қорқақтаған.
Сөз саптаған жаңылып сөз таппаған,
Жел қақпаған әз дене-ай, бөз қаптаған.
Сайма-сай ма, кешегің, аусай бүгін,
Балын ішкен тағдырдың таусайды уын.
Тас шайнаған адыра қалса-ай күнің,
Аласұрып қаныңды аңсайды кім.
Дәу пірім деп, қалқисаң әупірім деп,
Қастастарың қарсы алар ақырын кеп,
Қанды басын бері тарт батырым деп,
Жау күлімдеп, жаныңды дау тұр індеп.
Желбуаздар, дәурендер, алыпқашты-айбат,
Жабы ойнақтап, жамандар
жалықпас тойлап.
Торға түскен тулайды қайтпас қайрат,
Серіппесін қақпанның қарш-қарш шайнап.
***
Таң білінді тағы бір балық қарын,
Сорып бәрін, жұлдыздың алып қарын.
Әлденені іздеймін аласұрып,
Анық жоғын білмеймін, анық барын.
Кеш батады кердеңдер қараңғылық,
Шараң құрып, әлде не алаң қылып.
Тағы-тағы іздеймін аласұрып,
Шалма тастап ғайыпқа, салам құрық.
Күндер қайран, бақ, құмар, қыз-беу, деген,
Жан қашарда тәніңді сыз кернеген.
Кінәлар мен күнәлар арасынан,
Өтеді екен кісі өзін іздеуменен.
***
Төгiп тұр қарашаның қара жаңбыры,
Көңiлдiң осы ма едi қалаған жыры...
Жылымыққа алданып бөртiп едi,
Мiне, ендi, тоңып тұр қараған бүрi.
Ұрып тұр қарашаның қара жаңбыры,
Естiлмейдi дала ду, қала даңғыры....
Адамдардың – келедi араға бiрi,
Адамдардың — кетедi арадан бiрi...
Сабалайды жаңбыры қараша-күздiң,
Күндер қайда кешегi тамаша бiздiң...
Қатуланса бұл өмiр — ханға да қарау,
Қараға да бередi қаласа тiзгiн.
Қараша айы, қараша айы...
Көңiлiм-ай, аяулым, аяса кәнi.
Қара жаңбыр — арты қарға айналады деп,
Кiм бар мендей қуанар — балаша әлi.
PARADOX
Мен – өмiрдi күлкi еттiм,
Сорым ба,
Еркелеттi, еркiме жiбердi.
Сен – өмiрдi құлай сүйдiң,
Соңында –
Қабақ түйдi, түнердi.
Өзiмдi емес өткiншi деп өмiрдi,
Кетсiншi деп, паңдандым.
Ал, сен, әрбiр күндер үшiн көңiлдi,
Тым ертеден қамдандың.
Ол – өмiрдiң ұмытқанын сездi де,
Қарсы жүздi тағдырға...
Бiр дауыспен олар айтқан сөз мiне –
Ендi оны ортамызда қалдырма.
Ұлт порталы
Ермұрат Зейіпхан
«МЕН – ӨМІРДІ КҮЛКІ ЕТТІМ...»
***
Жер ортасы жасқа келіп,
Адасқанымды білдім.
Танауымды тасқа беріп,
Санасқанымды білдім.
Өлшеусізбін дегендердің,
Өлшенетінін білдім.
Қанша құздың, белеңдердің,
Теңселетінін білдім.
Хандар менен қаралардың,
Қатарласатынын білдім.
Бірге – дара-даралардың,
Сапарласатынын білдім.
Бір көреміз дегендердің,
Көрмейтінін білдім.
Бірге өлеміз дегендердің,
Өлмейтінін білдім.
Мынау жарық маңайымның,
Жалған екенін білдім.
Арбаған таң, арайыңның,
Арман екенін білдім.
Жер ортасы – көктөбеде,
Кім екенімді білдім.
Кірейін деп отты өреге,
Тұр екенімді білдім.
***
Жортқандардың қарашы жортақтаған,
Қорқытқандарың мына енді қорқақтаған.
Сөз саптаған жаңылып сөз таппаған,
Жел қақпаған әз дене-ай, бөз қаптаған.
Сайма-сай ма, кешегің, аусай бүгін,
Балын ішкен тағдырдың таусайды уын.
Тас шайнаған адыра қалса-ай күнің,
Аласұрып қаныңды аңсайды кім.
Дәу пірім деп, қалқисаң әупірім деп,
Қастастарың қарсы алар ақырын кеп,
Қанды басын бері тарт батырым деп,
Жау күлімдеп, жаныңды дау тұр індеп.
Желбуаздар, дәурендер, алыпқашты-айбат,
Жабы ойнақтап, жамандар
жалықпас тойлап.
Торға түскен тулайды қайтпас қайрат,
Серіппесін қақпанның қарш-қарш шайнап.
***
Таң білінді тағы бір балық қарын,
Сорып бәрін, жұлдыздың алып қарын.
Әлденені іздеймін аласұрып,
Анық жоғын білмеймін, анық барын.
Кеш батады кердеңдер қараңғылық,
Шараң құрып, әлде не алаң қылып.
Тағы-тағы іздеймін аласұрып,
Шалма тастап ғайыпқа, салам құрық.
Күндер қайран, бақ, құмар, қыз-беу, деген,
Жан қашарда тәніңді сыз кернеген.
Кінәлар мен күнәлар арасынан,
Өтеді екен кісі өзін іздеуменен.
***
Төгiп тұр қарашаның қара жаңбыры,
Көңiлдiң осы ма едi қалаған жыры...
Жылымыққа алданып бөртiп едi,
Мiне, ендi, тоңып тұр қараған бүрi.
Ұрып тұр қарашаның қара жаңбыры,
Естiлмейдi дала ду, қала даңғыры....
Адамдардың – келедi араға бiрi,
Адамдардың — кетедi арадан бiрi...
Сабалайды жаңбыры қараша-күздiң,
Күндер қайда кешегi тамаша бiздiң...
Қатуланса бұл өмiр — ханға да қарау,
Қараға да бередi қаласа тiзгiн.
Қараша айы, қараша айы...
Көңiлiм-ай, аяулым, аяса кәнi.
Қара жаңбыр — арты қарға айналады деп,
Кiм бар мендей қуанар — балаша әлi.
PARADOX
Мен – өмiрдi күлкi еттiм,
Сорым ба,
Еркелеттi, еркiме жiбердi.
Сен – өмiрдi құлай сүйдiң,
Соңында –
Қабақ түйдi, түнердi.
Өзiмдi емес өткiншi деп өмiрдi,
Кетсiншi деп, паңдандым.
Ал, сен, әрбiр күндер үшiн көңiлдi,
Тым ертеден қамдандың.
Ол – өмiрдiң ұмытқанын сездi де,
Қарсы жүздi тағдырға...
Бiр дауыспен олар айтқан сөз мiне –
Ендi оны ортамызда қалдырма.