15 қаң, 2025 сағат 14:16

Депутат халқымыздың әл-ауқаты туралы мәселе көтерді

фото: Ерлан Саиров. Мәжіліс баспасөз қызметі

Бүгін Мәжіліс отырысында Ерлан Саиров Премьер министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Ult.kz.

Депутаттың айтуынша: “Ұлттық статистика Бюросының мәліметтеріне сүйенсек, жан басына шаққандағы кіріс 112-мың теңге құрайды, оның 98-мың теңгесі тек қана азық-түлік, киім-кешек, коммуналдық қызметті төлеуге кетеді”.

Сондай-ақ:

“Мысалы, Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, күріштің бағасы 31,3-пайызға, жұмыртқа 16,9-пайызға, сары май мен сүт өнімдерінің бағасы 12 пайызға өскен.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа келсек, коммуналдық қызметтер орташа алғанда 25-пайызға қымбаттаған.
“Бұл жағдай азаматтардың шығынын арттырып, кірістерін төмендетіп жібергендігі анық. «Баға қайда кетіп барасың» деп жыламсырайтын жағдайға де жеттік!
Ал еліміздегі ең төменгі төлем екі жыл болды 85-мың теңгеден көтерілмей тұр.
Халықаралық турбуленттілікке, ірі экономикалардың өзара «сауда соғыстары» мен тарифтік шиеленістеріне байланысты биыл Қазақстанның да экономикалық көрсеткіштері баяулап, әсіресе импорттық тауарлардың бағасы одан әрі өсу ықтималдылығы зор.
Халықаралық жағдайдың күрделіленуіне байланысты дүниежүзі экономикасы да тұрақсызданатындығы сөзсіз!
AMANAT Фракциясы бүгінгі аумалы-төкпелі кезеңде біздің отандастарымыздың әлеуметтік деңгейінің күрт төмендеуіне жол бермеу қажет деп есептейді!”,- дейді депутат.

Депутат Үкіметке келесідей шұғыл қадамдар жасауды ұсынды:

- Ең төменгі төлемді индексация жасау;

- Жұмыссыздықтан сақтандыру сомасын арттыру арқылы ең төмен жалақы алатын адамдардың сақтандыру жүйесін жетілдіру

- Өңірлік әкімдіктер жергілікті тұрғындарға азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды қолға алуы тиіс.

- Әкімдер өңірлік ауыл шаруашылық өнімдерін жергілікті нарыққа қажетті мөлшерде жеткізілуін қамтамасыз етуі қажет.

- Ауыл шаруашылық өнімдеріне берілетін мемлекеттік төлемдерді уақытылы әрі қажетті сомада толық төленуін қамтамасыз ету қажет.