Еріктілер ұйымдарының қызметін қолдауды сұраймын. Министрдің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев аймақтық қорларды құрғақшылықтан зардап шеккендерге қаражат жинау мен азықтандыру жұмыстарын жандандыруға көмектесуге шақырды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Оның айтуынша, көмек жеткізудің логистикасын ұйымдастыру үшін аймақтық штабтар жиналған ресурстардың нақты көлеміне ие болуы керек. Осылайша министр Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына шөп жіберуді жалғастыратын еріктілерді қолдауға шақырды.
«Қазіргі уақытта еріктілердің еңбегі ерен деуге болады. Кез келген жағдайда еріктілердің күші керек болатыны рас. Елдегі құрғақшылық кезінде де еріктілердің көмегіне жүгінеміз деп ойлаймын. Сіздерден өз бастамасы бойынша зардап шеккен аймақтарға 150 пішендік вагон (Арал ауданына 15 вагон және Маңғыстау облысынан 135 вагон) жеткізіп берген және жеткізуді ұлғайтуға ниетті еріктілер ұйымдарының қызметін қолдауды сұраймын. Еріктілер негізінен ерлік жасап жатыр. Атап айтқанда, көлемі 2000 вагонға дейін жәрдем жіберуді жоспарлаған. Қазіргі таңда еріктілерден бөлек, көптеген қарапайым тұрғындар да, аймақ-аймақтардан қолдарынан келгенше көмек жіберуге тырысып жатыр», - деді Ербол Қарашөкеев.
Сонымен қатар, ол волонтерлерге ұйымдастырушылық, техникалық және басқа да мәселелерді шешуге жан -жақты көмек көрсету, бұл жұмысқа бизнес -қауымдастықты тарту қажет екенін атап өтті.
«Қазіргі уақытта көп нәрсе еріктілерге байланысты болып отыр. Былтыр еріктілер жылы деп жарияланғанда да қазақстандық еріктілер қарап жатқан жоқ. Елімізде орын алып жатқан кез келген мәселеде бірінші болып бас көтеретін де еріктілер екені рас. Мәселен, Арыстағы жағдай болған кезде де алғашқылардың бірі болып қол жинап, көмегін ұсынған еріктілер болды. Мақтааралды су басқанда да қарапайым тұрғындарға бірінші болып жетіп, жәрдем берген еріктілер екенін екінің бірі біледі деп ойлаймын. Құдай сақтасын, кешегі Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде де еріктілер көп еңбек етті. Енді құрғақшылықтан зардап шегіп отырған, малдары азаптанып жатқан Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарына да тонна тонна шөп жіберуді жоспарлап отырмыз», - еріктілер ұйымының мүшелері.
Айта кетейік, өткен жылы Қостанайда өткен Қазақстан-Ресей жастарының форумында «Ұлттық еріктілер желісі» ұйымының төрайымы Вера Ким 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялауды ұсынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты қолдайтынын атап өткен. Осылайша, 2020 жыл Қазақстанда Волонтер жылы деп жарияланып, Мемлекет басшысы қаулыға қол қойған болатын. Ол бойынша Үкіметке Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Естеріңізде болса, 2016 жылы 22 желтоқсанда өткен Сенат отырысында «Еріктілер қызметі туралы» Заң қабылданған. Заңда көрсетілгендей еріктілер қызметі – жеке тұлғаларға, кәсіпорын - компанияларға, әлеуметтік топтарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық позицияны қалыптастыру, өзін-өзі ұйымдастыру, әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек көрсету және қоғамда қайырымдылық жасау. «Ұлттық еріктілер желісі» жетекшісі Вера Кимнің айтуынша, 19-баптан тұратын заңда волонтер дегеніміз кім, олардың қызметін мемлекеттік тұрғыда реттеу, волонтер жұмысын ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық сынды көптеген маңызды дүниелер келтірілген.
Ал бүгінгі таңда елімізде болып жатқан елеулі оқиғалардың бәрінде еріктілердің еңбегі ерен болып отыр. Ал құрғақшылыққа байланысты, белгілі болғанындай, тамыз айының соңына дейін үкіметтің резервінен бөлінген барлық қаражат түпкілікті алушыларға бағытталады. Жем -шөп дайындау қызметінің бір түрі - астық азығының қорын құру. Бұл тұрғыда әкімдіктердің сайттарына орналастыру арқылы балансты құру және сатуға арналған көлемдерді анықтау қажет.
«Құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтардың қажеттіліктерін ескере отырып, біз жақын арада олардың операторлары арқылы осы аймақтарға мал азығын жеткізу көлемін жеткіземіз», - деді Ербол Қарашөкеев.
Естеріңізге сала кетейік, министрдің міндетін Ербол Қарашөкеев аймақтық қорларды құрғақшылықтан зардап шеккендерге қаражат жинау мен азықтандыру жұмыстарын жандандыруға көмектесуге шақырып, еріктілер ұйымдарының қызметін қолдауды сұрады. Министрдің айтуынша, көмек жеткізудің логистикасын ұйымдастыру үшін аймақтық штабтар жиналған ресурстардың нақты көлеміне ие болуы керек. Осылайша министр Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына шөп жіберуді жалғастыратын еріктілерді қолдауға шақырды.
