АҚШ қарулы күштерінің орталық басшылығы жетекшісі генерал Джозеф Вотелдің Түркиядағы сәтсіздікке ұшыраған төңкеріс әрекетіне еш қатысы жоқ. Бұл туралы АҚШ армиясының мәлімдемесінде айтылған.
Жұма күні Ердоған Түркияда 15 шілдедегі мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін айыптауда АҚШ батыл ұстаным танытай отыр деп мәлімдеген. Ердоған түрік армиясы қатарын «тазарту» шаралары үшін өз атына сын айтқан АҚШ генералы Вотелді «бүлікшілерге бүйрегі бұрады» деп айыптаған.
Сонымен бірге Ердоған «төңкеріс әрекетінің негізгі ұйымдастырушы АҚШ-та отыр» деп мәлімдеген.
Анкара қазір АҚШ-та тұрып жатқан діни қайраткер Фетхулла Гүленді Түркияда 15 шілдеде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптайды. 75 жастағы Гүлен бүлікке қатысы жоғын мәлімдеп, әлгіндей айыптауларды жоққа шығарған. 19 шілдеде Түркия Гүленді экстрадициялауды сұрап, АҚШ-қа тиісті құжаттар жолдаған.
Бұін дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Түркия ең әуелі Гүленнің мемлекеттік төңкеріс әрекетіне кінәлі екенін дәлелдеуі тиіс деп мәлімдеген.