Фото: istockphoto.com
Президент әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ult.kz, Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың берген мәліметінше:
“Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін сенат депуттары қоғамдық орында балағат сөз айтқан және түкіргендерді көше сыпыруға міндеттеуді көздейтін заң жобасын екі оқылымда мұқұлдаған еді.
Заң жобасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, қоғамдық жұмыстар әкімшілік жаза түрі ретінде қолданылады.