Фото: Кейіпкердің архивінен
Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек, деп жазады Ult.kz.
Өмір мен өлім арасындағы мамандықты игеріп жүрген кейіпкеріміз Құлманов Даулет. Ол 1991 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші қызметкері.
Кейіпкеріміздің күндік жұмыс уақыты тәртіп бойынша 8:45-те басталады. Әр күні таңы жаттығу жұмыстарын жасаумен басталады. Автокөлік жүргізушісі болған соң, жолдағы ережелерді қатты сақтайтын айтты. Ғылыми биология мамандығын меңгерсе де, өрт сөндіру мамандығына деген қызығушылығы артып, қазіргі таңда өрт сөндіру саласы бойынша қызмет етіп жүр.
Батырлық та, тәуекелшілдік те толып артылатытын мамандықтың бірі – өрт сөндіруші мамандығы. Әлемде бұл мамандық бірнеше жүздеген жылдар пайда болған, ал Қазақстанда бұл мамандық 2008 жылы 90 жылдығын атап өтеді. Өрт сөндірушілер, жауынгерлер мен офицерлер халықтың өмірін, дүние-мүлкін қорғау үшін от жалынымен арпалысатын, өрттердің алдын-алу шараларын жүргізетін ержүрек тұлғалар.
Бүгінгі кейіпкеріміз Түркістан облысы Түркістан қаласының тумасы Сандыбаев Асанғали Бейсенғалиұлы. Ол 1990 жылы қыркүйек айында туылған. Ең алғаш 2013 жылдан бастап қызметке келген. Мамандандырылған Ащысай деген елді мекенде жұмыс атқарған, 2020 жылдан кейін Сауран ауданында құрылған өрт сөндіру бөлімінде жұмыс жасайды. Егер белгілі бір жерде өрт шыққан жағдайда ең бірінші қоңырау дабылы осы мекемеге түседі. Арнайы тұтқада отырған кезекші диспечер оқиға болған орынды анықтап, жақын маңдағы өрт сөндіру көлігін жіберуге тырысады. Лаулаған оттың көп аймақты шарпымағаны анықталса бір ғана көлік жетіп барады. Себебі, тонналап су тиеген бір көліктің күші жалынның бетін қайтаруға қауқарлы. Үй, қойма, зауыт т.с.с. үлкен ғимараттар мен орманды алқаптар өртене бастаса көптеген көліктер, сонымен қоса өзге де қауіпсіздік техникалары жөнелтіледі.
Кей жағдайларда тікұшақтың да көмегіне жүгінетін кездер болады. Дабыл қоңырауы түскен жерге бірінші болып жеткен өрт сөндірушілер ең бірінші арнайы құбыршекті жақын маңдағы су ағатын құбырларға болмаса көліктің су сақтайтын бөлігіне қосады. Қызыл жалынның беті қашан қайтатынын ешкім білмейді. Кейбір лаулаған отпен арпалыс, бірталай күнге созылады. Осы уақытта шарпыған оттың арасында қалып қойған жандарды құтқару үшін өрт сөндірушілер лаулаған жалынның ортасына кіруге тура келеді. Өрт сөндіруші болу үшін ең бірінші сіз детектив секілді жұмыс жасай білуді үйренгеніңіз жөн. Бұл қайда бара жатқаныңызды, қандай құжаттарды алу керегін және қандай алғашқы көмектерді жасау керек екенін бес саусағыңыздай білгеніңіз дұрыс.
Қазіргі қызметі бөлімше командирі 10 жылдық қызмет жолында ең есінде қалған оқиғасы «3 адамды өрттен жалғыз өзі құтқарған» екен.
Өрт сөндірушілердің басты мақсаттарының бірі – адамдарды құтқару. Олар басып қалғандарды құтқару үшін жанып жатқан ғимараттарға кіріп, өз өмірлерін қатерге тігеді. Олардың батылдығы мен адалдығы көптеген адамдардың өмірін сақтап қалады. Оқиға орнында өрт сөндірушілер бірінші болып әрекет етуді де мақсат тұтады. Олар медициналық топ келгенге дейін зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетеді, бұл көбінесе адамдардың өмірін сақтап қалудың шешуші факторы болып табылады.
Өрт сөндірушінің жұмысы жоғары кәсібилікті, жанқиярлықты және басқалардың мүддесі үшін өз өмірін қатерге тігуді талап етеді. Олардың қызметке деген адалдығы мен ерлігі алғыс пен құрметке лайық. Бұл адамдар біздің қауіпсіздігімізді қорғайды, біз олардың батылдығы мен адалдығын бағалауымыз керек.