14 қаз, 2024 сағат 23:09

Еңбек адамы: Баянның ісі баянды

Фото: okg.kz

Баян қарындасымыз бірнеше жылдан бері кәсіпкерлік салада қызмет атқарып келеді. Әкесі Жолдас Әділұлы  мен анасы Анархан Киікбайқызы  тәуелсіздіктің алғашқы жылдары аудан орталығындағы «Бекұлы» базарында  еңбек етті. Екеуі аудан жұртшылығына түрлі жеміс және сәндік ағаш көшеттерін жеткізіп беріп тұрды.

Бір жолы Талғат есімді жігіттің үйіргелік шағын бау-бақшасын аралап көрдім. Жеміс ағаштарының бірнеше түрі бар екен. Пісіп тұрған жемістердің дәмдері тіл үйіреді. Әңгімеден әңгіме шығып «Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын Шолаққорған ауылындағы орталық базарда тұратын Анар апамыздан сатып алып едім. Бүгінде тосап, шырындар мен торт, пирог сияқты түрлі дәмді тағамдарды осы жемістерден   дайындап аламыз. Анар апайдың өзі жоқ болса да ізін басқан ұрпақтарына шексіз ризашылығымызды білдіремін» деді Талғат сонда. 

Міне, Анархан апайдың ізін жалғаған қызы Баян Жолдасқызы кәсіпкерлік салада 29 жылдан бері тер төгіп келеді. Баянның қайынатасы Мұқанбетжан Жазбекұлы  мен қайыненесі Мейіркүл Жолшықызы  елге танымал, көпке үлгі, ағайын-туысқа қадірлі азаматтар. Жұбайы Сәкен екеуі бес ұл, бір қызды өмірге әкеліп, саналы тәлім-тәрбие беруде. Еркебұлан, Ерсұлтан, Ерасыл, Нұрсұлтан, Аяулым, Жанасыл атты перзенттері ауыл мен ағайынның, мектебінің мақтанышы.

Таңшолпан, Бибінұр атты келіндері үй шаруасын дөңгелетіп, салтымыз бен дәстүріміздің бесігін тербетіп, Мейіркүлдей аяулы әженің тәрбиесін алып, ене мен келін, үлкен әже мен немере келін болып, бақытты отбасыға айналған.

Бүгінде Баян   гүл, жеміс көшеттерін өзі әзірлеп сатады. Сонымен қатар, аудан тұрғындарына, ары-бері ағылған жолаушыларға, елге келген қонақтарға арнап балық, чикен, ыстық шай, тағы басқа да  ас түрлерін әзірлеп ұсынумен айналысады. Ерте көктемде үйіргелік шағын бақшалықта қызанақ, қияр көшеттерін жылыжай арқылы тамырлатып, сосын жетілгендерін тұтынушыларға ұсынады. Сәкен  жолаушылар тасымалымен айналысады.

Сәкен мен Баян  мал да бордақылайды. Өз қолыңмен күтіп, бағып, семіртіп сойып жеген соғымның дәмі керемет. Иә, «еңбекпен келген нан тәтті» деген сөз осындайда айтылса керек.

– Атам мен енем, жарым маған үнемі қолдау білдіріп отырды. Базарға шықсақ мамамыз (енем) балаларға бас-көз болады. Керекті заттарымды папам (атам) көлігімен қаладан  жеткізіп беріп тұрады. Осылайша сенікі, менікі демей, еңбек еттік. Барлық жұмысымызды атамыздың өзі бақылап, басқарып, басшылық жасап отырады. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, ауызбіршілік пен ынтымақта, береке мен бірлікте жұмыс істеудеміз. Қазіргі таңда балық тазалап, қуырып, тауық етінен түрлі тағамдар дайындап, тұтынушыларға ұсынамыз. Бұған қыздарым, келіндерім мен балаларым көмектеседі. Бастысы – тұтынушыларға сапалы, жылдам, таза, мәдениетті қызмет көрсетіп, олардың  алғысы мен ризашылықтарын алу, – дейді «Күміс алқалы» ана Баян Жолдасқызы.

Олар  мемлекеттен несие алмаған екен.  Өзінің қарым-қабілеті, күш-жігері, отбасының қолдауымен нәпақаларын осылай тауып жүр. Иә, «жұмыла көтерген жүк жеңіл». Баянның ісі баянды бола бермек. 

 Мақсат Қарғабай,
«Оңтүстік Қазақстан».