Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Бас прокуратурадан қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен күзетпен ұсталып отырған жаралыларды бұлтартпау шарасын жеңілдетуді сұрады деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«25 қаңтарда іс материалдарын тексеру нәтижелері бойынша прокурорлардың қаулылары негізінде 11 азамат Алматы қаласының тергеу изоляторынан босатылды. Бас прокуратурадан күзетпен ұсталып отырған азаматтарға тағылған айыптарды, соның ішінде денсаулық жағдайларын ескере отырып, бұлтартпау шарасын алып тастаудың немесе өзгертудің заңдылығы мен мүмкіндігі бөлігінде тексеру жүргізуді жалғастыруды сұраймыз», - деген уәкіл зқолданыстағы заңнамада оның бірнеше жолы бар екенін еске салды.
«Заңнамада бас бостандығын шектеу орнына ешқайда кетпеу туралы қолхат, үйқамақ және кепілгерлік сияқты баламалы бұлтартпау шаралары көзделген», -деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.