
Қазақстанның екі қаласы мен бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
28 сәуірде Ақмола облысыныңкей жерлерінде, Көкшетау қаласында қатты жаңбыр жауады, тұман, найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында да 28 сәуірде найзағай, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
28 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде, Түркістан қаласында күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Шымкент қаласында 28 сәуір күннің екінші жартысында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Қостанай облысыныңкей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
Сонымен қатар, дәл осы күні Қызылорда облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.
Дабылды ескертулердің ықтималдылығы 95-100%.
