30 сәу, 2020 сағат 10:44

Елімізде ПТР тестін ақылы жасайтын зертханалардың мекен-жайы жарияланды

Жеке тұлғаларды ПТР (полимеразды тізбекті реакция) әдісімен Сovid-19 коронавирус инфекциясына ақылы тестілеу жасайтын зертханалардың мекен-жайы мен телефоны жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ұлттық сараптама орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тестілеу Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан Ұлттық сараптама орталығының филиалдарында жүргізіледі.

Оның құны 11 500 теңге. Зерттеу үшін биоматериал ретінде мұрын-көмей және жұтқыншақ жағындысы қолданылады.

Тест нәтижесі 12 сағаттан 24 сағатқа дейінгі аралықта беріледі. Тестілеуден өту үшін азаматтар жеке мәліметтерді толтырып, алдын ала nce.kz сайтында тіркелуі қажет.

Сонымен қатар, гигиениалық қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет. Талдауды қабылдау аптасына 7 күн, сағат 8.30-дан 16.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) жүргізіледі.

Еліміздегі ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы» зертханаларының мекен-жайы мен телефоны:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҰСО филиалы: Желтоқсан көшесі, 46 тел.: 8 (7172) 55-49-21

Алматы қаласы бойынша ҰСО филиалы: Жібек Жолы көшесі, 3 тел.: 8 (7273) 82-35-65, 8-727-385-41-68

Ақтау қаласы бойынша ҰСО филиалы: 1 ш / а, Аурухана қалашығы тел.: 8(7292) 50-43-76, 8(7292) 50-75-15 

Атырау қаласы бойынша ҰСО филиалы: Ерғалиев көшесі, 39А тел.: 8 (7122) 32-99-58, 8 (7122)32-23-36

Ақтөбе қаласы бойынша ҰСО филиалы: 8 март көшесі, 3 үй тел.: 8 (7132) 50-67-31, 8 (7132) 53-85-56

Көкшетау қаласы бойынша ҰСО филиалы: Кұдайбердиев көшесі, 27 тел.: 8 (7162) 26-61-27, 8 (7162) 26-56-39, 8 777-874-87-63

7. Қарағанды қаласы бойынша ҰСО филиалы: Әлиханов көшесі, 2 тел.: 8 (7212) 50-75-93, 8(7212)50-22-83

Қостанай қаласы бойынша ҰСО филиалы: Әл-Фараби көшесі, 113 тел.: 8 (7142) 54-44-18, 8 (7142) 54-74-10

Қызылорда қаласы бойынша ҰСО филиалы: Жанадилов к-сі 2 тел: 8 (7242) 70-10-63

Павлодар қаласы бойынша ҰСО филиалы: Аймауытов к-сі 2/5 тел: 8 (7182) 62-71-82, 8 (7182) 55-62-42

Петропавл қаласы бойынша ҰСО филиалы: Н. Назарбаев к-сі 236 тел: 8 (7152) 50-08-13

Тараз қаласы бойынша ҰСО филиалы: Әйтеке би көшесі, 13 тел: 8 (7262) 43-46-79

Өскемен қаласы бойынша ҰСО филиалы: Н. Назарбаев даңғылы 17 тел: 8(7232)52-56-78

Талдықорған қаласы бойынша ҰСО филиалы: Сланов к-сі, 85А тел: 8 (7282) 39-07-58, 8(7282) 60-12-12

Шымкент қаласы бойынша ҰСО филиалы: Майдантал к-сі, 4 тел: 8 (7252) 43-36-72, 8(7252)43-30-55

Орал қаласы бойынша ҰСО филиалы: Д. Нұрпейісова к-сі, 19 тел: 8 (7112) 51-15-72, 8 777-619-15-60

Сондай-ақ, Covid - 19 зерттеулерін «Invivo» және КДЗ «ОЛИМП» жеке медициналық зертханалар жүргізеді.

Нұр-Сұлтан қ. «Олимп» КДЗ: Республика даңғылы 2/1, Гете 3, Б. Момышұлы к-сі 16; Абылай хан к-сі, 12/1; Е-10 2 үй; Манкент тұйық көшесі - 2 мобильді пункті тел: 8701 961 7008

Алматы қ. «Олимп» КДЗ: Медеу ауданы - Халиуллин көшесі, 32; Сейфуллин көшесі 549; Жандосов көшесі 1В; Алмалы ауданы Байзақов көшесі 221/155; Гагарин көшесі 236 б, тел: 8701 961 7307 

Көкшетау қ.: «Олимп» КДЗ: Шалқар 31, тел: 8701 961 71 16 

Қарағанды қ. «Олимп» КДЗ: Н. Назарбаев көшесі 21, тел: 8701 961 74 26 

Ақтөбе қ. «Олимп» КДЗ: Ломоносов к-сі 1-54, тел.: 8701 961 75 70

Атырау қ. «Олимп» КДЗ: Құлманов к-сі 107, тел.: 8701 961 42 74

Алматы қ. «INVIVO»: Қарасай батыр к-сі 123. Call орталық: +7 727 258 83 83, +7 778 769 38 81