12 жел, 2016 сағат 09:04

Елімізде LADA көлігінің жаңа үлгілері шығады

Қазақстандағы «Азия Авто» зауыты жаңа дәуір автокөліктерін шығаруды бастады, деп хабарлады alau.kz.

Таяуда LADA Vesta, LADA XRAY, универсал Largus және лифтбек Granta үлгілері шығарылады. «АвтоВАЗ» ЖАҚ президенті Николя Мордың айтуынша, компанияға жаңа экспорттық мүмкіндіктер ашылуда. Бұған дейін «Азия Авто» зауытында үш LADA үлгісі шығарылды: жол талғамайтын 4х4, седан Granta және универсал Kalina.

Айта кетейік, LADA Granta және Lada Vesta 2016 жылы Еуропада ең көп сатылған үлгілер атанды. Vesta 33 мың сатылған ТОП көліктер арасынан 99-орын алды. Жаңа LADA үлгісі BMW X3 көлігін де басып озды.