
Биыл Қазақстанда заман талабына сай бірқатар заңдар жаңарды. Саясаттанушы Қазбек Майгелдинов елімізде орын алған саяси және қоғамдық оқиғаларға қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биыл елімізде орын алған саяси оқиғалардың бірі - Ұлттық кеңес мүшелерінің белсенді жұмыс істеуі. Оның дәлелі елімізде бірқатар саяси пакет қабылданды. Нақты айтқанда, сайлау туралы заңға өзгерістің енгізілуі, ол өз кезегінде еліміздегі саяси партиялардың рөлі мен орнын айқындап берді. Оған дәлел биылғы праймериздің нәтижесі. Елімізде ескі заңдар жаңарып, тың көзқараспен жұмыс істеп жатыр . Себебі заман талабы солай», - деді Қазбек Майгелдинов.
Оның айтуынша, әлемдегі және елдегі саяси және пандемиялық жағдайларға қарамастан біз саяси тұрақтылығымызды сақтап келеміз.
«2020 жылы мемлекеттік саясаттың негізгі алгоритмдерін анықтауды және белгілеуді жалғастырып келеміз. Жыл бойы бұл процестер сенімді түрде атқарылып келеді. Бір ғана Мемлекет басшысының өзі кемінде 150 ішкі саяси кездесу өткізді. Бұл ретте ол тек басқарушы истеблишментпен ғана емес, сонымен бірге қоғам қайраткерлерімен де белсенді кездесіп отырды. Сонымен қатар, елімізде орын алып жатқан негізгі оқиғаларға уақтылы баға беріліп, күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша билік тарапынан үндеу жасалып келеді. Мұның бәрі Президенттік институттың билік пен шешім қабылдау құрылымында шешуші рөл атқаруының көрсеткіші», - дейді ол.
Айта кетсек, бүгін елордадағы Еуразиялық интеграция институтында «Тұрақсыз әлемдегі тұрақты мемлекет»: Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы басты жеті ісі» атты бағдарламаны талқылауға арналған іс-шара өтті. Оған саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.
