Елімізде бір апта ішінде 3268 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің онлайн брифингінде айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бір апта ішінде 3268 қылмыс жасалды, оның 2070-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 11 қарақшылық, 32 тонау және 458 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Еске сала кетсек, ақпан айның соңғы аптасында бір апта ішінде 3366 қылмыс тіркелген. Оның 2184-і тәулік ішінде ашылған.