18 жел, 2025 сағат 12:33

Қызғаныш: Телефондағы хабарлама үшін жігіттің қолына қайшы сұғып алған


Фото: Pixabay.com

Ресейдің Екатеринбург қаласында студент қыз бен жігіттің арасында телефондағы хабарлама үшін жанжал шығып, жігіттің қолына қыз қайшы сұғып алған, деп хабарлайды Ult.kz.

УрФУ жатақханасында ұялы телефондағы хат-хабарға байланысты жастар арасында жанжал шыққан. Жігіт сүйіктісінің телефонын тартып алмақ болған, бірақ бір сәтте өзін ұстай алмай, ашуға беріліп, қыздың басын қабырғаға соққан.

Бұған жауап ретінде қыз қайшыны алып, өзін қорғауға тырысқан. Қызғаншақ жігіт қайшыны жұлып алып, сындырып тастағанымен, сынықпен қыз оның қолын жарақаттаған.

Жігіт көп қан жоғалтып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді, ал қыз полиция бөліміне апарылды. Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.