06 там, 2016 сағат 23:41

Елдос Сметов финалға шықты

"Рио Олимпиадасында дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Елдос Сметов  финалға шықты", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.

Ақтық сынға шығу үшін отандасымыз Әзірбайжан спортшысы Орхан Сафаровпен күрескен еді. Сметов үш ескертуі болса да, 10 ұпаймен жеңіске жетті.

Осыған дейін ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұлыбританиялық Эшли Маккензиді "юко" әдісімен жеңген еді. Ал бірінші айналымда дзюдошы Ливия өкілі Мұхамед Элькависадан басым түскен болатын.

"Ұлт порталы"