14 жел, 2020 сағат 17:46

Елбасы қауіпсіздігі қызметінің бастығы тағайындалды

Батырбек Байбосынов Елбасы қауіпсіздігі қызметінің бастығы болды, деп хабарлады Elbasy.kz. 

"Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасының шешімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Тұңғыш президент – Елбасы қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ардақ Әшімбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Елбасы қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымынан босатылған болатын. Оның міндеттерін уақытша атқару Батырбек Байбосыновқа жүктелді.