15 қаң, 2022 сағат 14:26

Экология министрлігінің ұжымы «Қазақстан халқына» қорына 1 күндік жалақысын аударады


ҚР Экология министрлігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақыларын аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биыл 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау аясында елімізде «Қазақстан халқына» қоры құрылды. ​Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымы бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударуға шешім қабылдады», - делінген министрлік хабарламасында. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазақстан халқына» қорын Болат Жәмішев басқаратын болды. 

Қор Қазақстан халқына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша қайырымдылық көмек көрсетеді, төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде зардап шеккендерге, халықтың әлеуметтік осал топтары және осал топ балаларына спорттық инфрақұрылымның дамуы және қолжетімділігін арттыру бойынша жәрдемдеседі.