30 жел, 2024 сағат 12:22

Екі елдің достығы мен бауырластығын нығайтқан сынақ болды — Ильхам Әлиев

Фото: Azertag.az

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек көрсеткені үшін Қазақстан халқына алғыс білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол Әзербайжан телеарналарының біріне берген сұхбатында қазақстандық құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, ерлік көрсеткенін атап өтті. Оған қоса Әлиев дәрігерлерге ерекше алғыс айтып, Әзербайжан елшілігіне келіп гүл шоқтарын қойған қазақстандықтардың бауырмалдығына тоқталды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен әңгімелесу барысында Ильхам Әлиев Қазақстанның алты азаматының қаза болуына байланысты көңіл айтқан еді. Ол бұл қайғылы жағдайдың екі елдің достығы мен бауырластығын нығайтқан сынақ болғанын атап өтті.

«Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіру үшін қоңырау шалдым. Апаттан кейін қазақстандық құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, қираған фюзеляждан адамдарды құтқара бастағаны туралы ақпарат алдық. Ұшақтың бір бөлігі өртке оранды, от екінші бөлікке де таралуы әбден мүмкін еді. Бірақ қатерге қарамастан олар нағыз ерлік көрсетті» , — деді Ильхам Әлиев.