Telegram мессенджерінде Қарағанды мектептерінің бірінде егілмеген жоғары сынып оқушыларын офлайн-режимдегі сабақтарға жібермейтіні және оларға емтихандарға дайындалу үшін консультациялар берілмейтіні туралы ақпарат тарады.
Қарағанды облысының білім басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Stopfake.kz сайты.
– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация ерікті түрде және егілушінің ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 77-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының профилактикалық вакцина алудан бас тартуға құқығы бар. Егуді жүргізу алдында егілушіге міндетті түрде тексеру жүргізіледі. Медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда вакцинация сауыққанға дейін кейінге қалдырылады, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.