25 жел, 2024 сағат 11:34

Еділ Жаңбыршин: "Абориген деген сөзіме өкінбеймін"

фото: h-news.kz

Ult.kz тілшісі Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннан "Air Astana компаниясының басшысы Питер Фостерге "Біз сізге абориген емеспіз Африкадағы ештеңе түсінбейтін" деген сөзі арқылы Африкадағы аборигендерді кемсіткен жоқсыз ба?" деген сұрағына жауап берді.

"Африкадағы Аборигендердей бізді көрмеңіз деген мәселе. Себебі, өздеріңіз білесіздер, Европалықтар Африканы конализация жасаған кезде, мынандай заттарды апарып олардың алтындарын, байлықтарын тіпті адамдарын құл қылып алып кетті. Ол ондай жасамау керек. Біз қазір цивилизованный мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан ондай схема бізге жасамау керек. Келдің бе, сол елдің заңын құрметте. Сол елдің халқын құрметте, сол елдің мәдениетін құрметте. Мысалы біздің домбыраны самолеттің ішіне кіргізбейді. Ал егер Страливаридің скрипкасы болса немесе Паганинидің олар кіргізер еді. Ондай екі жақты стандарт болмау керек. Келдің бі бір мемлекетке. Ол мемлекеттің білімі төмен болсын, интелектуалы төмен болсын сен оны құрметтеуің керек. Сондықтан сол тұрғыдан айтылған. Метафора деп айтуға болады.
Менің ойымша ол монипуляция. Әдейі сол әңгімені, сынды басқа жақа бұру деп ойлаймын. Ал, ол жерде ең бірінші айтылған мәселе сол авиакомпанияның қызметінің сапасын байланысты айтылды. Ол кім болса, ол болсын. Европалық авиакомпания ма, Ресейлік пе, Қытайлық па, өзіміздікі ме? Сапа халыққа дұрыс көрсетілуі керек. Мәселе сол", -деген Е. Жаңбыршин Абориген деген сөзіне өкінбейтінін айтты.

Еске сала кетейік, кеше Мәжілісте «Елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту туралы» Үкімет сағаты өтіп, онда депуттар Air Astana компаниясының президенті Питер Фостерге шүйлікті. Көпшіліктің назарын әсіресе депутат Еділ Жаңбыршинның сөзі аударды. Ол өз сізінде Фостардың жымиып отырғанына ашуланып:

"Бұл жерде күлетін ештеңе жоқ. Біз сізге абориген емеспіз Африкадағы ештеңе түсінбейтін. Ойнамаңыз! Бұл парламент! Осы жерде отырғандардың бәрі халықтың өкілі», -деген еді сөз арасында.


Оқи отырыңыз: «ФОСТЕР МЫРЗА, ШАҢЫРАҚҚА ҚАРАҢЫЗ!»: ДЕПУТАТТАР AIR ASTANA ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҚАТТЫ АШУЛАНДЫ