01 ақп, 2021 сағат 09:26

Доллар бағасы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kurs.kz.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 29 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,10 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 424,11 теңгені құраған. Ұлттық банктің 1 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 424,22теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 423,07 теңге, сатып алу – 424,59 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 422,72 теңгеден болса, ал сатып алу – 423,89 теңгені құрайды.