30 мам, 2023 сағат 16:47

Доллар бағамы көтерілді

Фото: elements.envato.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,57 теңгеге көтеріліп, 447,08 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 30 мамырдағы ресми бағамы - 444,45 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 444,39 теңге, сату – 447,60 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 444,10 теңгеден сатып алынып, 448,16 теңгеден сатылып жатыр.